Еріктілер қозғалысы жанданады
Өткен аптада қаланың сол жағалауындағы «Жастар орталығында» еліміздегі еріктілердің қозғалысын дамытуға арналған «Volunteer Fest» шарасы ұйымдастырылды. Бұл жоба олардың әлеуметтік қызмет жұмысын арттырып, сапалық міндетін жандандыруға бағытталды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы жолдауында «2020-жыл еріктілер жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай, аталған жиында алдағы мақсаттар таныстырылып, ұсыныс-пікір жинақталды. Бұл ерікті жастардың қатарын көбейтуге ықпал етпек. Фестиваль аясында еріктілер мен жастар ұйымдары өз жобасын таныстыра отырып, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Жиын барысында аудан мен қала жастарының байланысын нығайтып, өзара ауызбірлігін біріктіру бағытында «TeamBuilding» сайысы өтті.
Айнұр МАМАНҚЫЗЫ