Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

«Qarbyz Fest – 2019»

Сейсенбі күні орталық алаңда «Ұлағат ұландары» жасағының «Qarbyz Fest - 2019» шарасы өтті.
Жастардың басын қосқан «Qarbyz Fest - 2019» облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған.
Өздерін «Ұлағаттықтар» деп атайтын педагог ұйымдастырушылар биылғы жылы өздерінің 20-шы жазғы тынығу лагерь маусымын аяқтады. «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында жаз маусымында 40 студент-жас облысымыздағы 8 тынығу лагерінде тәлімгерлік қызмет атқарды.
Шара барысында Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов сөз сөйлеп, жаз мезгілінде тынығу лагерьлерінде белсенділігімен көзге түскен тәлімгерлерді маусым қорытындысымен құттықтап, үздіктерді марапаттады.
«Qarbyz Fest – 2019» фестивалі биылғы жылы сегізінші мәрте қала тұрғындарын қызықты сайыстарымен, көңілді концерттік бағдарламасымен қуантып келеді. Шараға қала тұрғындары, жастар ұйымдары, жас көшбасшылар және «Ұлағаттықтар» қызмет атқарған лагерь тынығушылары қатысты. Қала жастары «Қарбыз кескіш», «Қарбыз жегіш», «Қарбыз көтергіш» сынды сайыстар бойынша бақ сынасты. Кештің ерекшелігі лотерея да, қонақтар назарынан тыс қалған жоқ. Ол үшін қатысушылар өздері алып келген 1 қарбызды лотерея билетіне айырбастау қажет. Фестиваль соңы би кешімен аяқталды.
19 қыркүйек 2019 ж. 964 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 073 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам