ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ БОЛЫП ӨТТІ
Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Жас Орда" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жыл бойы жайдарманшы жастар арасында тартысты сайысқа айналған ойынның ақтық кезеңі болып өтті.
Аталмыш сайысқа жолдама алған сегіз топ додаға түсіп, қызықты ойын өрнегін көрсетті. Оқушылар мен студент жастардан құралған жайдармыншылар сайысында №249 мектеп-лицейдің "50/50" командасы аудан әкімінің арнайы кубогін қанжығасына байлап, бас жүлдені иеленсе. №165 мектеп жастарының "ССМ" командасы 1-орынды, Қазалы Көлік-техникалық колледжі студенттерінен құралған"ҚТЖ " командасы 2-орынды, Қазалы агро-колледжі жастарынан құралған "Аграрка" жастары командасы 3-орынды иеленді. Сайысқа арнайы қатысқан аудан әкімінің кеңесшісі Бейсенбаев Берік мырза жетістікке жеткен жастарға сәттілік тілеп, аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлының ыстық лебізін жеткізді.