ҚАЗАЛЫДА СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Қазалы көлік-техникалық жоғарғы колледжі, аграрлы-техникалық колледжі, гуманитарлық-техникалық колледждерінің І курс студенттерімен кездесу өтті.
Кездесуде аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Ізмағанбетов латын әліпбиіне көшу туралы ой бөліссе, «Жас Отан» жастар қанаты төрағасы Еркін Құсан колледж жастарының қазіргі жағдайы туралы баяндады. Қазалы ауданының «Жастар ресурстық орталығының» директоры Олжас Ахметов орталық жанынан құрылған жобалар мен аудан бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы айтты.
Сонымен қатар, осы күні студенттер арасында «Қалың қалай, студент?» атты рейд жұмыстары жүргізілді.