Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мәжіліс депутаттары ауыл жұртшылығымен кездесті

Мәжіліс депутаттары ауыл жұртшылығымен кездесті

   Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаттары, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Балайым Кесебаева, Абзал Ералиев, Геннадий Шиповских және Бақытбек Смағұл Сыр өңіріндегі жұмыс сапарлары барысында Арал ауданында болып, аудан орталығынан шалғай орналасқан Атанши ауылдық округі, Жіңішкеқұм елді мекені тұрғындарымен кездесті.
Ең алдымен іс – сапар барысында Мәжіліс депутаттары Арал ауданы Жіңішкеқұм елді мекеніндегі №230 орта мектебінің жағдайымен танысып, мектеп ұжымымен кездесті. Қазіргі таңда аталмыш мектепте 119 оқушыға 26 мұғалім білім  беруде. Мектеп ұжымымен болған кездесуде депутаттар «Педагог мәртебесі» туралы Заңдағы жаңалықтарды баяндады.
Өз кезегінде мектеп ұжымы педагог мәртебесіне қатысты жаңа заңды ризашылықпен қабылдады. Алайда, оқулықтарға, кадрлар даярлауға, сондай-ақ,  мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қатысты министрлік тарапынан көптеп жұмыстар жасалса дейді олар.
Жалпы мәжіліс депутаттарымен кездесуге ауыл ақсақалдары, ұстаздар, медицина саласының мамандары, жастар, кәсіпкерлер қатысты. 
Әңгіме барысында Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл бұл кездесудің негізгі мақсаты  елдегі азаматтардың жағдайын көзбен көру, ауылдық елді мемекендерді дамыту, азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында мемелкет тарапынан жасалып отырған жұмыстардың жүзеге асырылуын, сонымен бірге ашық пікір алмасу арқылы жергілікті жерлердегі негізгі проблеммалық мәселелерді анықтап, оларды заңнамалық тұрғыда жүзеге асуына қолдау білдіру екенін айтты.
Сондай-ақ халық қалаулылары жиында Президент Жолдауындағы әлеуметтік мәселелер, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, атаулы әлеуметтік көмек жүйесіне енгізілген өзгерістер мен мал ұрлығы, зорлық-зомбылық, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, ауылшаруашылығы саласы бойынша заңға енгізілген толықтырулар жөнінде кеңінен баяндап өтті.
Мал шаруашылығын кәсіп еткен елді мекеннің негізгі өзекті мәселесі – аудан орталығына жету жолының қиындығы. Осыған орай, ауыл тұрғындары депутаттардан жол қатынасын реттеп беруді сұрады.

09 қаңтар 2020 ж. 1 074 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам