ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қаладағы «Достық үйінде» Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездесті.
Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысты. Сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Владимир Божко, Наталья Жұмаділдаева, Абзал Ералиев, Балайым Кесебаева, Кеңес Абсатиров пен облыстың өзге де Ассамблея мүшелері, облыстық ҚХА ғылыми сарапшылық тобының және жастар қанатының мүшелері бар.
– Облыс тұрғындарының атынан алдағы жұмыстарыңызға сәттілік пен алғыс білдіреміз. Өңірдегі этномәдени бірлестіктердің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен бұл кездесуінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстарына жаңаша серпіліс әкелеріне сеніміміз мол. Облыстық ҚХА мүшелері мен халық қалаулыларының арасында сындарлы байланыс орнайтынына сенеміз – деді облыс әкімінің орынбасары.
Шара барысында «Қазақстан орыс, славян, казак ұйымдары ассоциациясы» заңды тұлғалар ұйымының төрағасы Владимир Божко, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Наталья Жұмаділдаева, облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова сөз сөйледі.
Б.ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.