ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БАЛАБАҚША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Ақмая елді мекенінде балабақша пайдалануға берілді.
Балапан мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған балабақшада 50 бүлдіршін тәрбиеленуде. Балабақшаның салтанатты ашылуында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ауыл тұрғындарын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, балабақша ұжымына білімді, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу жолына сәттілік тіледі.
Бүгінде ауданымызда 17 мемлекеттік, 63 жеке балабақша, 48 шағын орталық жұмыс жасайды. Балабақшамен 3-6 жастағы балалар 100 пайыз қамтылған.