ЖАЛАҒАШТА БАЛАБАҚША ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов, аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, ардагерлер, жастар, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шараны аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, заман талабына сай қайта жөндеуден өткізілген балабақша нысанының ашылуымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев те жаңадан бой көтерген балабақша ел игілігіне пайдаланылсын деген ізгі лебізін білдірді.
«Балапан» бағдарламасы аясында 90 орынға жабдықталып салынған балабақшада 22 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылуда.