АҚМАЯДА ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ
Ауылдағы қатарында 160 адам жұмыс жасайтын "Ақмая" шаруа қожалығы ұжымы тағлымды шара өткізілді. Шаруашылық дихандары биылғы жылы тынымсыз еңбектерінің арқасында егілген 1400 гектар күріштің әр гектарынан 71 центнерден өніп алып, 9 мың тонна өнім жинады. Шаруашылық басшысы ала жаздай еңбек етіп, маңдайы күнге күйген диханшыларды марапаттады. Жемісті еңбек еткен күрішшілердің алды жеңіл автокөлік мінсе, енді бірі 100 мыңнан 800 мыңға дейін ақшалай сертификаттар табысталып, еңбек адамдарының құрметіне концерттік бағдарлама қойылды.