Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » БЕЛГІЛІ БАТЫРДЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ ӨТТІ

БЕЛГІЛІ БАТЫРДЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ ӨТТІ



Үстіміздегі жылдың 26 қазан күні Жалағаш ауданы Есет батыр ауылында Есет батыр Көкіұлының 350 жылдық мерейтойына орай мәдени іс-шаралар өткізілді.
Батыр қолбасшы, өз заманында қазақ халқын жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танымал болған батырдың өмірінен сыр шертетін «Ел қорғаны – Есет батыр» атты сахналық қойылым қойылды.
Осы күні Есет батыр бабамыздың 350 жылдық мерейтойына қарсаңында «Алтын дән-2017» мерекесі де аталып өтті. Табыс пен еңбек мерекесінде аудан әкімі Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы жалағаштықтарды мерекемен құттықтады:
-Алтын дән мерекесін аудан дихандары мен еңбеккерлері лайықты табыспен қарсы алып отыр. Биылғы жылы аудан бойынша 35 448 гектар ауылшаруашылығы дақылдары егіліп, оның ішінде 22 465 гектарға күріш орналастырылды. Күріштің әрбір гектарынан 57- 60 центнерден өнім алынып, аудан диқаншылары жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. Осындай жетістікке ауданның ауылшаруашылығы саласы мамандарының қосқан үлесі зор. Күріш дақылдарынан басқа бау-бақша өнімдері мен мал азығының да дайындалуы еңбекшіл қауымның еңбегі,-деп білеміз дей келе, аудан еңбеккерлерінің жаз бойы тынымсыз атқарған жұмысының нәтижесінде еңбек озаттарын «Озат егін шаруашылығы» , «Озат шаруа қожалығы», «Озат бригадир», «Озат жатка машинисі», «Озат комбайншы», «Озат күріш өсіруші», «Озат тасымалдаушы», «Озат жоңышқа өсіруші», «Озат бағбан», «Озат бақша өсіруші», аудан шаруашылықтарының егісін уақытылы сумен қамтамасыз ету қызметін сапалы атқарғаны үшін «Озат су маманы», ауыл шаруашылығы саласын ақпараттандырып, аудан экономикасы мен мәдениетінің дамуына ықпал жасағаны үшін «Озат газет тілшісі», ауыл еңбеккерлерінің биылғы жылы тыныс тіршілігін, игі істерін телеарнада ұдайы жариялануын қамтамасыз еткені үшін «Озат телеарна тілшісі» номинацияларымен, сонымен қатар аудан әкімінің арнайы Алғыс хаттары, бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Мереке аудандық Мәдениет үйінінің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Сонымен қатар, Есет батыр Көкіұлының 350 жылдығына арналған ұлттық спорт ойын түрлерінен (қол күресі, гір көтеру, қазақ күресі) жарыстар өтті.
26 қазан 2017 ж. 2 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 039 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам