Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИК БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИК БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ


Қызылордада «Қызылорда облысының киелі жерлері – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында үздік бейнероликтен жас мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген ауданаралық конкурстың жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.
Бұл шара 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Қазақстанның сакралды географисы» жобасын насихаттау.
Конкурс нәтижесі бойынша жүлделі орынды иеленді:
1 орын – Жаңбырбай Табынбай, Қазалы ауданы, Көларық ауылдық округінің жетекші маманы;
2 орын – Заманбек Берікқара, Шиелі ауданы, Шиелі кенті әкімі аппаратының жетекші маманы;
3 орын – Ербол Булебаев, Сырдария ауданы әкімі аппаратының бас маманы;
Жеңімпаздарды марапаттау барысында Департамент басшысы Абзал Мұхимов облысымыздың маңызды, сакралды орындары мен киелі жерлері – бұл өлкемізідің баға жетпес тарихы, өз жеріне құрметпен қарауды және патриоттық сезімді қалыптастырудың негізі. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер бірінші болып өңірімізде едәуір көп ғажап орындар бар екендігін көрсету керек, себебі бұл өз кезегінде, біздің азаматтармен қатар шетелдік туристердердің қызығушылығын тудыратындығын айтып өтті.
Конкурс 2017 жылдың 23-29 қарашасы аралығында өтті. Конкурсқа қатысуға ауылдық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жас мемлекеттік қызметшілерінен 7 сұраным түсті. Мемлекеттік қызметшілермен өз аудандарындағы сакралды нысандары және киелі жерлері туралы әңгімеленген бейнероликтер ұсынылды.
Барлық бейнероликтер Департаменттің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланып, жеңімпаздарды фейсбук жазылушылары ашық дауыс беру арқылы анықтады.
Конкурстың жеңімпаздары мен қатысушыларына грамоталармен естелік сыйлықтар табысталды.
01 желтоқсан 2017 ж. 1 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам