Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫНЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ӨМІРІ

ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫНЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ӨМІРІ

  Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Ел тірегі – Елбасы» атты кездесу өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық этномәдени бірлестік басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Басқосуды облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова жүргізді.
Бүгінде еліміз талай тар жол, тайғақ кешуден сүрінбей өтті. Әлем мойындаған мемлекетке айналды. Мұндай игіліктердің барлығы Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасы тәуелсіздік жылдары Қызылорда облысының дамуына барынша қамқорлық көрсетті. Дария бойындағы еңбексүйгіш халықтың ертеңіне қажетті көптеген ірі жобалардың іске асуына бастамашы болды. Мемлекет басшысының Сыр еліне жасаған әрбір сапары халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған жобаларға жол ашып келеді.
– Тәуелсіздік алған ширек ғасырдан астам уақытта бағындырған белестеріміз жетерлік. Алда алар асуларымыз одан да көп. Бүгінде еліміз дамудың даңғылына түсіп, әлемдегі озық елдердің қатарынан ойып тұрып орын алды. Қазақстан бүкіл әлем мойындаған ел атанды. Бұл – Елбасының арқасы. Мерейлі мереке жас ұрпақтың Тәуелсіз Қазақстан тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында жүзеге асқан игіліктермен танысуына жол ашады, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Кездесу барысында Елбасы өмірінен сыр шертетін ҚР Тұңғыш Президенті туралы деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдарының өкілдері, этномәдени бірлестіктің жетекшілері сөз сөйлеп, мерекелік күнге орай ой-пікірлерін ортаға салып, жылы лебіздерін білдірді.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.

05 желтоқсан 2017 ж. 1 622 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам