Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАЯНДЫ БОЛАШАҚҚА БАСТАҒАН ТҰЛҒА

БАЯНДЫ БОЛАШАҚҚА БАСТАҒАН ТҰЛҒА

  А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елімен бірге Елбасы» атты салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, шаһар тұрғындарына өз лебізін білдірді.
– Тұңғыш Президент күні – халықтық мереке. Елбасы –тәуелсіз жаңа мемлекеттің негізін қалап, шекарасын нықтап, баянды болашаққа тура бастаған тарихи тұлға. Сондықтан Қазақстанның қалыптасып дамуы, еңселі ел атануы Елбасы есімімен тығыз байланысты. Бүгінде мемлекетіміз әлемдегі алпауыт елдермен иық тіресетіндей дәрежеге жетті. Қаншама асуларды бағындырып, толағай табыстарға кенелді. Мұның барлығы – кемел ойлы кемеңгер Ұлт көшбасшысының сарабдал саясатының оң нәтижесі. Елбасы «Алаштың анасы» деп атаған Сыр өңірі жыл өткен сайын жаңарып, жасара түсуде. Өйткені, Мемлекет басшысы облыстың, қаланың дамуына ерекше мән беріп, жарқын болашағына үлкен сенім артты, – деді қала басшысы.
Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, Елбасы сөзіне жазылған әндер орындалды. Сыр өнерпаздары әннен шашу шашты. Н.Бекежанов атындағы драма театры мен «Жастар» театрының әртістері өнер көрсетті. Сонымен қатар, «Сырлы саз» халықтық фольклорлық ансамблінің домбырашылары кештің көркін келтірді.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.
05 желтоқсан 2017 ж. 1 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 082 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам