Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тігіншілер байқауы өтті

Тігіншілер байқауы өтті


  Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар арасында «Тігіншілер байқауы» өтті.
Байқаудың ережесі бойынша Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі камзолға өрнек таңдау, сан алуан өрнекпен бедерлеу . Бұл байқауға мекемеде жазасын өтеуші 6 сотталған қатысты. Шара барысында ер азаматтар да осылайша өзара сынға түсіп, өнерден кем еместіктерін аңғартты. Он саусағынан өнер тамған тігіншілердің өнеріне әділ қазылар алқасы Қызылорда қызмет көрсету және сервис коллледжінің Өндірістік оқыту шеберлері Б.Омаров, С.Қызылбаева, Е.Аймурзаев өз бағаларын беріп жеңімпаздарды анықтады. Әділ қазылардың шешімімен ою- өрнектерді дұрыс тандап, көркемдеп тігуде көзге түскен В. есімді азамат І орынды жеңіп алса, 2-3 орынды Е дәне А есімді азаматтар бөлісті. Шара соңында өнерлі азаматтар Алғысхатпен марапатталды. Он саусағынан өнер тамған В есімді азамат 2019 жылы «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша диплом алған . Қазіргі таңда мекемдегі «Тігін цехында» жұмыс жасайды. Еңбегіне қарай жалақы да алады. Ал, бүгінгі шара олардың жігерін шыңдап, қоғамдық өмірге бейімделуіне оң ықпал етпек. Қазіргі уақытта Қызылорда қызмет көрсету және сервис коллледжінен «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша 24 жаза өтеуші білім алуда.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
02 наурыз 2020 ж. 938 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам