Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш ретәйел түсті

Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш ретәйел түсті


Сотталған әйел жазасын аса қауіпті қылмыскерлермен бір түрмеде өтейді. Кісі өлтіргені үшін сотталған 26 жастағы қазақстандық Арқалық қаласындағы аса қауіпті қылмыскерлерге арналған УК-161/12 түзету мекемесіне түскен алғашқы әйел атанды.
Қостанай облысы Арқалық қаласындағы УК-161/12 түзету мекемесінде адам өлтіру, зорлау және басқа да ауыр қылмыс жасаған аса қауіпті қылмыскерлер жазасын өтейді, деп хабарлайды Tobolinfo.kz.
Халық арасында "қасапшылар түрмесі" деп аталатын бұл колонияда отырғандардың көпшілігі кісі өлтірген. 30 жылдық тарихы бар түрмеде осы уақытқа дейін тек ер азаматтар ғана жазасын өтеді. Алайда жуырда түзету мекемесіне алғаш рет әйел адам түсті.
"Бұрын УК-161/12 түзету мекемесінде ешқашан әйелдер жазасын өтеген емес", - деп хабарлады Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, кісі өлтіргені үшін сотталған 26 жастағы әйел бұрын Алматы облысындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде отырған. Қатаң тәртіпті түрмеге түсуіне әйел адамның үнемі тәртіп бұзуы себеп болыпты.
Сотталған әйелдің жазасын өтеп шығуға әлі қанша уақыт қалғанын қылмыстық-атқару жүйесі департаменті айтқан жоқ.
УК-161/12 түзету мекемесі Арқалықта 1988 жылы аса қауіпті қылмыскерлерге арналып салынды. Мұнда отырғандардың жаза мерзімі 20 жылдан асады. Жазасын өтеушілер, негізінен, адам өлтіру, зорлау, бірнеше рет кісі өлтіруге қатысу сияқты ауыр қылмыстар үшін түрмеге түскен.
23 мамыр 2019 ж. 1 939 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам