Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Наурыз мерекесімен құттықтады

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Наурыз мерекесімен құттықтады



Құрметті қызылордалықтар!
Қадірлі ағайын!
Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы саналатын Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.
Әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Елбасының саяси тұрақтылықты сақтауда жүргізіп отырған  салиқалы саясаты осы Наурыз мерекесінің мазмұнымен ұштасады. Қазақтың қара шаңырағына уық болып бекіген әрбір ұлт пен ұлыстың ауызбірлігі ғана ел егемендігін нығайтуға қызмет етеді. Тәу еткен Тәуелсіздігімізді сақтауда бұл мерекенің өзіндік орны ерекше. 
Наурыз - «Жаңа күн», «Жаңа жыл» деген ұғымды білдіретіні баршаға аян. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жолында өздеріңізбен бірлесе атқаратын шаруаларымыз жетерлік. Бірлікке жетелейтін Елдікдің мерекесі қала жұртшылығын жаңа бастама, тың ұсынысқа бастайды деген ниеттемін.
Қыстың көбесі сөгіліп, жер көктеп, тіршілік атаулысы түлей бастады.  Дихан қауымы санаулы күндерден кейін егіс алқабына шығады.
«Ақ мол болсын, егін бітік шықсын»,- деп әркез бата беретін қарияларымыздың тілегі оңғарылсын.
Қадірлі жерлестер!
Ата-бабаларымыз айтқандай Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болып, киелі Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелгей.
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт пен байлық сыйласын!

Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі
Н.Нәлібаев
21 наурыз 2020 ж. 1 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 922 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам