Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Есім ерекшелігі

Есім ерекшелігі

Ұлы Дала төсінде мыңдаған жылдар бойы үзілмей тойланып келе жатқан Әз-Наурыз да есігімізден кірді. Ел аузынан жеткен аңыздарға қарағанда, Нұх пайғамбардың ке¬месінің табаны қарайған жерге алғаш тірелгенде, одан нәуірзек ұшқан екен, сонда наурыз гүлі – бәйшешек гүлдеп тұрыпты. Сол сәтте көк аспаннан қасиетті қазан түсе қалып, жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері дәм татады. Осылайша бұл күн «Ұлыстың ұлы күні» деп жария болады.
Наурыз күні туғандарды халық бақытты, ерекше жандар деп ұғынған. Сондай себеппен оларға Наурыз есімі берілетін болған. Біздің дәстүрде кез келген мерекеге байланысты балаға есім қою қалыптасқан жағдай. Мәселен, ұлыстың ұлы күніне арналған есімдер біздің арамызда да бар екен.
Наурыз Дүрманов, асаба: – Сыр халқы 1989 жылы Наурыз мерекесін тойлай бастады. Т.Көмекбаев ауылы да алғаш рет Ұлыстың ұлы күнін дүркіретіп атап өтеді. Осы жалпыхалықтық мереке кезінде шыр етіп, жарық дүниеге келіппін. Бұл күні тек ата-анам емес, тойда жүрген бүкіл ағайын-туыс, ауыл қуанған. Есімімді сол дүбірлі той кезінде еңбек ардагері, ел басқарған Тән Түменбаева апамыз қойған. Айтулы күнде, есім беріп, халықтың батасын алғанымды мақтанышпен айтып жүремін. Қазіргі таңда қандай да бір жетістікке жетсем, ол менің туған жерімнің, елімнің берген бата-тілегінің қабыл болғандығы деп түсінемін.
Ауыл ақсақалдардың ақ батасы оң болып, бүгінгі таңда Наурыз Дүрманов есімі Сыр өңіріне танымал болды. Үлкен жетістіктерге жетті. Сырдың елін ән-жырға бөлеп, туған өлкесінің дамуына өз үлесін қосып жүр.
Наурыз Мәлік, «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорыны президенті: – Анамның айтуынша, Наурыз мейрамы 30 жылдан кейін 1988 жылы республика бойынша бірінші рет тойланған. Ал Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында 1989 жылы тойланады. Ұлыстың ұлы күнін тойлап, шеруде жүрген кезінде анамды толғағы қысып, перзентханаға алып кетеді. Отбасымда маған дейін екі апам бар. Атам ұл болғанын Алладан тілейді. Тілеуі қабыл болып, мен дүниеге келдім. Жағымды жаңалықты естіген атам «Наурыз» деп қоямыз деп қуанған екен. Көктемнің жаршысы мен жанашыры болған Наурыз айы кімге болса да ерекше ыстық. Ал мен асыға күтемін. Өйткені ол менің күнім, менің мерекем.
Наурызбай Мұрсал, «Сыр медиа» ЖШС-нің көлік жүргізушісі: – Мен 22 наурызда дүниеге келгенмін. Анам Тоты жақсылыққа балап, есімімді мерекемен байланыстырғанды жөн көреді. Соған орай Оразкүл Қозкенова есімді апай «Наурызбай» деп есім берген. Наурыз мерекесі – жаңарудың, жылдың басы деп есептейді. Бүкіл жақсылық атаулы осы мерекемен қатар келетіндей сезіледі. Сондықтан да менің өмірімде тек жақсылық, молшылық болсын деген мақсатпен қойған деп түсінемін.
Наурызбек Тағыберген, 1999 жылы 22 наурызда дүниеге келген. Қазіргі таңда «Магнум» сауда орталығында қызмет етеді. – Бұл күн отбасым үшін ең маңызды күн болған. Үш қыздың ішінде ұл бала болып ұлттық мерекеде туылғанмын. Әжем Тазагүл ұлы мерекеге сәйкестендіріп, Наурызбек деп атағанды жөн көріпті. Шаттық пен қуаныштың айында дүниеге келгенімді мақтан етемін. Ырыс, береке мен молшылық ала келетін Ұлы мерекені менде асыға күтемін. Себебі, бұл күнде біздің отбасымызда екі той қатар тойланады.
Бұл айда айнала құлпырып, мамыражай көңіл-күй орнайды. Далада мал төлдеп, маңыраған дауыстар. Құстар қайтып, табиғат ерекше күйге енеді. Осындай мерекеде дүниеге келген жандардың да өмірі өзгеше секілді көрінеді. Жалпы, Наурыз айының айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік нышан белгілері мен таным ұғымы көп. Адамды бауырмалдыққа баулиды. Бұл ай сонысымен да бағалы. Олай болса, айтулы күнде шыр етіп дүниеге келген сәбилердің де алдында тек жақсылық күтіп тұратыны анық. Бүкіл жақсылықтың, жаңарудың сәтінде туылған жандар үшін расында керемет шығар. Ұлыстың ұлы күні барша отбасына тек қуаныш, молшылық алып келсін.

Айтолқын АЙТЖАНОВА
21 наурыз 2020 ж. 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам