Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ЖАСТАР – ТУҒАН ЖЕРГЕ!» АУДАНДЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

«ЖАСТАР – ТУҒАН ЖЕРГЕ!» АУДАНДЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

   Ел болашағының баянды да тұғырлы болуы, сол елдің жастарының қолында. Бүгін ауданымызда «Жастар-туған жерге!» тақырыбында аудандық жастар форумы өтті.
Жастар форумында ІІІ секция бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, «Жастар рухани жаңғыру жолында» тақырыбындағы І секцияда «Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Досмаханов модераторлық жасады. Секцияда айтыскер ақын А.Рахметов, «Қызылорда облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» корпоративтік қорының төрағасы А.Сабанбаев хабарлама жасады. Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте «Жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа бағыты» тақырыбында ІІ секция жұмыстары жүргізілді. Секцияны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Телібаев ашып, секция жұмысына сәттілік тіледі. Секцияда Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ж.Алдабергенов хабарлама жасап, жастарды әлеуметтік қолдау, олардың адами капиталын дамытуда мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі жобалар туралы ақпар берді. «Цифрлы Қазақстан – ХХІ ғасырдың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында мәдениет және өнерді дамыту орталығында ІІІ секция жұмыстары жүргізілді. Секция жұмыстарына ІТ маман Ф.Абжаппаров, «Гранд Мастер» бағдарламалық мектебінің директоры А.Қуанышбаев, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Ж.Серіков қатысты. 
Секция жұмыстары аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде пленарлық мәжіліске ұласты. Мәжіліске Жалағаш ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаев, Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев, айтыскер ақын М.Ниязов, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері, «Мағжан және К» серіктестігінің директоры М.Ералиев, «Гранд мастер» бағдарламалау мектебінің директоры А.Қуанышбаев, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Алдабергенов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы А.Сабанбаев қатысты. 
Форум аясында жеке кәсіпкер Е.Жайлыбаевтың техникалық қызмет көрсету орталығының ашылуы өтті.

08 желтоқсан 2017 ж. 2 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам