Нутрицолог карантин кезінде қалай ауыз бекіту керек екенін айтты
Карантинде қозғалыс азаяды, сондықтан рациондағы тамақ құнарлығы ағзаға салмақ түсірмей, керісінше күш-қуат беретіндей дәруменге толы болуы тиіс.
Ораза ұстау арқылы иммунитетті күшейтуге болады. Бұл туралы Нутрициология кафедрасының меңгерушісі, қазақ тағамтану академиясының жетекші маманы Майгүл Сейдоллақызы айтты.
Карантинде қозғалыс азаяды, сәйкесінше ішіп-жем мөлшерін кеміткеннің пайдасы бар. Тек бірнеше қағиданы ескерген жөн. Рациондағы тамақ құнарлығы ағзаға салмақ түсірмей, керісінше күш-қуат беретіндей дәруменге толы болуы тиіс. Сондықтан таңдауды фаст фуд өнімдеріне емес, ыстық ас-суға түсірген абзал, деп хабарлады Хабар 24.
Сонымен бірге, нутрицолог маман сәресіге дейінгі уақытта сұйықтықты көбірек ішуге кеңес береді.
"Таң сәресіне әр түрлі дәнді-дақылдардан жасалған өнімдер пайдалы. Соның ішінде арпа, сұлы, бидай, күріштен жасалған ботқалар немесе сорпа болуы мүмкін. Сонымен қатар бұршақ тұқымдастары, әр түрлі үрме бұршақ тойымды, күні бойы жұмыс істейтін адамдар үшін өте пайдалы", - дейді Майгүл Сейдоллақызы.