АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Шиелі ауданы жастарының ұсынысы негізінде аудан әкімімен жастардың кездесуі дәстүрге айналып ашық алаңға айналып келеді.
Дәстүрлі кездесу реттілік жалғасын тапты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Рухани жаңғыру: жарқын болашаққа қадам» тақырыбында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ауданның бір топ белсенді жастарымен кездесті.
Келелі кездесуде аудан басшысы мемлекет тарапынан жастарға әрдайым қолдаудың жасалып келе жатқанын айтты. Әсіресе, еліміздің болашағы жастарды жан-жақты демеуде Елбасының өзі үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
Аудан басшысымен болған кездесуде жастар, өз кезегінде түрлі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасудан үлкен әсер алды. Аудан әкіміне көптеген сұрақтар қойылып, әкім өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісе отыра, барлық сұрақтарға нақты жауап берді. Жиын соңы естелікке суретке түсумен аяқталды. Алда осындай жігер беретін, игі кездесулер өз жалғасын табатын болады.