АУДАНДЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
Жалағаш ауданындағы Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде «Ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтар сабақтастығы» тақырыбында аудандық семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев модераторлық жасады. «Ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтар сабақтастығы» тақырыбындағы аудандық семинар-кеңестің жұмысына аудан ардагерлері, Қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, аудандық мемлекеттік дін саясаты бойынша ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестік жетекшілері, белсенді жастар, сондай-ақ, мектеп директорлары, «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинар-кеңесте Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы С.Аңсатов «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» тақырыбында, Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы, теолог, Республикалық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Қ.Ерғазиев «Ысырапшылдық және қазақ мұсылманшылық түсінігі» тақырыбында, Қызылорда қаласы «Қалмұхамед» мешітінің бас имамы Д.Рысбай «Жаназа және ысырапшылдық» тақырыбында баяндамалар жасаса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев сөз алып, ысырапшылдық туралы ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, ағалық ақыл-кеңес айтты. Семинар-кеңес соңында аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ысырапшылдықтың алдын алу мақсатында ауданымызда алғаш өткізіліп отырған семинар-кеңестің бүгінгі қоғам дамуындағы маңыздылығының айқын көрініс тапқандығын айта келе, семинар-кеңеске арнайы келген қонақтарға аудан жұртшылығы атынан зор алғысын білдірді.