АШЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ
2017 жылдың 13 желтоқсанында "ҚазҒарыш сапары" мәжіліс залында Жастар саясаты мәселелері басқармасы және "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің белсенді жастарымен 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай "Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығы, "Жастар ресурстық орталығы" Байқоңыр қалалық бөлімшесінің жыл көлеміндегі атқарған іс-шаралары айтылып, жастарға деген бағдарламалар мен мемлекет тарапынан ұсынылып отырған мүмкіндіктер айтылды.