Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛМЕК

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛМЕК

  Үстіміздегі жылы ашық келісім аясында атқарылған жұмыстар барысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстық коммуникация орталығында баспасөз мәслихатын өткізді. Оған департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Р.Тәуекелов, «Самұрық» инновациялық идеяларды қолдау орталығының жоба жетекшісі Э.Тұсмағанбетова қатысты.
Аталмыш ашық келісім төрт бөлімнен тұрады. Қазір 43 азаматтық институттармен бірлесе жұмыс атқаруда. Биылдың өзінде осы шара аясында 291 – семинар, 10 – байқау, 48 – дөңгелек үстел өткен. Ал, жобаның жастарға арналған бағытын «Самұрық» инновациялық идеяларды қолдау орталығы жүзеге асырып отыр. Өйткені, студенттер арасындағы түрлі байқаулар мен пікір таластарды осы қоғамдық қор ұйымдастыруда.
– Жыл бойы «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» атты акциялар өткізілді. Мұнда 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ұғымы баса айтылуда. Сондай-ақ, оның алдын алудың түрлері мен әдістері кеңінен талқыланып жүр. Ал, сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және аталмыш қызметке түсу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осының нәтижесінде бүгінде сыбайлас жемқорлықтың саны біршама төмендеп отыр, – деді Р.Тәуекелов.
Шара соңында журналистер арасында өткен «Бұқаралық ақпарат құралдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты облыстық байқаудың қортындысы бойынша жеңімпаз деп танылған әріптестер марапатталды.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.

18 желтоқсан 2017 ж. 1 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам