Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯ – БАСТЫ НАЗАРДА

СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯ – БАСТЫ НАЗАРДА

  Қызылорда қаласы әкімдігінің мәжіліс залында 2015-2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына байланысты жиын өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Бүгінде аймақта бұл жобаны іске асыру мақсатында облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің жанынан сыртқы талдау және бағалау жөнінде арнайы мониторингтік топ құрылған. Оның құрамында әр сала бойынша 13 адам бар. Олардың негізгі міндеттері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жұмысына сыртқы талдау жасау. Сондай-ақ, орындалу сапасын жетілдіруге ұсыныстар әзірлеу.
– Жыл басынан бері маниторингтік топ 6 кездесу өткізді. Атап айтсақ, Сырдария, Қазалы аудандары, облыстық білім басқармасы, қала және аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен пікір алмастық. Олардың әрқайсысынан түрлі ұсыныстар келіп түсті. Соның нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында үкіметтік емес ұйымдар көмегімен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Азаматтық бақылау» жобасын енгізу көзделуде, – деді талдау тобының жетекшісі Анар Ізден.
Сонымен қатар, жұмыс тобына облыстық денсаулық, ішкі саясат басқарма басшыларының ұсыныстары берілген. Атап айтсақ, мемлекеттік сатып алу барысында заңдылықтарды қатаң сақтау, халық арасында денсаулық саласы бойынша шұғыл байланыс орталықтары туралы кеңінен насихаттау.
Бүгінгі жиында да кент және ауылдық округ әкімдері аталған тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, алдағы уақытта ұсыныстарын жазбаша түрде жеткізетінін мәлімдеді.

А.ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.
20 желтоқсан 2017 ж. 1 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам