СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТАРАЗЫЛАНДЫ
Қалалық білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында мектеп мұғалімдері және жоғары сынып оқушыларының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың біріңғай сағаты" іс-шарасы өткізілді.
С.Əлжіков атындағы №144 орта мектеп базасында да 2015-2025 жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы мен "100 нақты қадам" Ұлт жоспары бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлықтағы өзекті мәсселелер тақырыбында жүргізілді. Шара барысында мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Төлегенова Гүлнұр оқушыларға "Жемқорлыққа жол бермейміз" тақырыбындағы баяндамасын оқып,мектеп жанынан құрылған "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының қараша айындағы атқарған жұмысын айтып өтті.
Оқушылар өздерін толғандырып жүрген мəселер бойынша сұрақтар қойып,мектеп психологымен, əлеуметтік педагогпен жұмыс жасады.