Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЛЕМ ХАЛҚЫ МЕЙРАМДЫ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕДІ?

ӘЛЕМ ХАЛҚЫ МЕЙРАМДЫ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕДІ?

  Желтоқсанның отыз бірінші жұлдызын асыға күтетініміз шындық. Оған себеп – Жаңа жыл. Бұл мейрамның көптеген мемлекет үшін орны бөлек. Сондықтан да оны әрбір ел өздерінше ерекше етіп тойлайды. Әлем елдері жаңа жылды қалай қарсы алады?
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінде оқитын жерлесіміз Айжан Жұматаеваның айтуынша, мұнда жаңа жылды отбасы мүшелері бірге тойлайды. Ол «Болашақ» бағдарламасы арқылы магистратураға түскен. Айтулы мерекені бірнеше жыл қатарынан сонда тойлап, олардың мейрамды қалай қарсы алатынына толық қанықты.
– Әлемнің қаржы орталықтарының бірі болып саналатын Нью-Йорк қаласына туристер ең көп шоғырланады. Бұл жақта жаңа жылды қарсы алған әрбір адам өкінбейді. Себебі, желтоқсан айының басынан бастап, жаңа жылдық кейіпке енеді. Әсіресе, әйгілі «Бродвей» көшесінің жарқырағаны сонша, америкалықтар оны «Үлкен ақ көше» деп атайды. Сондай-ақ, көптеген Голливуд фильмінен белгілі Эмпайр-Стейт-Билдинг зәулім ғимараты қызылды-жасылды неонды жарықпен көмкеріледі. Айта кету керек, бұл жақта «Рождествоны» 25 желтоқсанда тойлайды. Сондықтан ол күні қаладағы барлық жұмыс көзі тоқтайды. Өйткені, мұндағы салт бойынша тұрғындар мерекені үйде отбасымен бірге қарсы алу керек. Жыл сайын Рокфеллер ғимаратының жанындағы Лоуэр алаңында бас шырша құрылады. Ал, 31 желтоқсанда тек жастар ғана отшашуды тамашалау үшін көшеге шығады. Үлкендер жағы бұл күнді онша тойламайды, – деді А.Жұматаева.
Соңғы жылдары аталған бағдарлама аясында қаншама қазақ жастары шетелге оқуға түсті. Солардың бірі – Англияға білім алуға барған Әйгерім Уақбаева. Ол – қазір Жапонияның тұрғыны. Былтыр өзімен бірге оқыған жапон жігітіне тұрмысқа шыққан.
– Менің бұл жаққа келгеніме көп бола қоймаса да, жапон халқының салт-дәсүрі, әдет-ғұрпымен біршама таныспын. Оның ішінде мерекелердегі ырымдарды ерекше айтуға болады. Мәселен, былтыр жаңа жыл екі рет тойланды. Бірі – Еуропа, екіншісі – ай күнтізбесі бойынша атап өтілді. Мұндағы бір ерекшелік адамдар бір-біріне келер жылдың жануары бейнеленген ашықхаттар сыйлайды. Бұл мереке – «Надомсатсу» деп аталады. Ол үлкен құрметтің белгісі ретінде бағаланады. Сонымен қатар, шыршаны есiк алдындағы қарағайға күрiш сабақтарын орау арқылы істейді. Сөйтіп, оны жылтыр ойыншықтармен безендiредi. Қызығы сол, бұл күнi жапон балалары қабырғаға өзiнiң шұлықтарын iлумен болады. Өйткені, дәл осы түнi Аяз ата (Дун Чен Лае Рен) сыйлық салып кетедi деген наным бар. Ескі жылдың соңғы күндері жұмыс қауырт болады. Мейрамға дайындықтар жүргізіліп, барлығы қарыздарын өтеуге асығады. Себебі, жапондықтар жаңа жылға қарыз болып қадам басуды дұрыс емес деп санайды. Менің әзірге байқағандарым осындай, – деді А.Уақбаева.
Кім-кім де әлем елдеріне саяхат жасап, сол жақта білім алуды армандайды. Өйткені, өзге халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, ел көргісі келеді. Қазіргі күннің де талабы – дамыған елдерден қажетті тәжірибені жинақтау. Осы мақсатта соңғы жылдары Ресейдің ірі университеттеріне облыс әкімінің гранты бөлінуде. Осы қамқорлықты сезінген жандардың бірі – Айсана Өрікбай. Ол Ресей мемлекеттік К.А.Тимирязев атындағы аграрлық университетінің 2 курс студенті. Мектепте үздік оқығаны үшін облыс әкімінің грантын жеңіп алған.
– Жаңа жыл – христиан дінін ұстанушылар үшін маңызды мереке. Өйткені, олар Рождествоны – Иисустың, яғни Иса пайғамдардың дүниеге келген сәтімен байланыстырады. Осы мейрамды орыстар асыға күтеді. Сондықтан өз деңгейінде атап өтеді. Желтоқсан айының басынан бастап Мәскеу қаласы басқаша кейіпке еніп, тұрғындарға керемет көңіл-күй сыйлайды. Былтыр жаңа жылды осында қарсы алдым. Қатты ұнады. Өйткені, мұнда бәрі де көңілді жүреді. Әр жерде ойын-сауық кештері ұйымдастырылады. Алайда, биыл өз еліме барып, отбасымның қасында болғанды жөн көріп отырмын, – деді А.Өрікбай.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.







03 қаңтар 2018 ж. 1 709 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам