Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЛАНЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ ҚАЛЫПТАСТЫ

ҚАЛАНЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ ҚАЛЫПТАСТЫ

  Биыл Сыр өңірінің бас қаласы – Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілмек. Шаһардың шырайлануына, дамуына, құрылысының жандануына көп адам еңбек сіңірді. Екі ғасырға жуық уақыт аралығында қала сан түрлі кезеңді бастан өткізді. Қазақ елінің бас ордасына айналды. Атауы бірнеше мәрте өзгерді. Замана заңымен қала келбетінің шырайы кірді. Бүгінде Қызылорда өзіндік өрнегі бар, сәулеті мен дәулеті келіскен қалаға айналды.
Осы орайда қала дамуын көзбен көрген кейіпкерімізді әңгімеге тарттық.
Нұрлыбай ҰЛЫҚБАНҰЛЫ, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Сіз Қызылорда қаласында қашаннан бері тұрасыз? Сол кездегі облыс орталығының бейнесі қандай еді?
– 1966 жылдың желтоқсан айында қазақ химия-технологиялық институтының құрылыс инженерлігі факультетін бітірдім. Содан мені жолдамамен Қызылорда қаласындағы «Риссовхозстрой» трестіне жіберді. Арада бір ай демалысымды өткізіп, 1967 жылдың ақпанында аталған қызмет орныма қадам бастым. Қазіргі Желтоқсан көшесінің аяғына орналасқан екен. Бұл – Қызылордаға алғаш келуім. Ол кездегі қалада қыс ерекше аяз еді.
Маған Жақаев көшесінің бойындағы «Юбилейный объект» атанған политехникумның 400 орындық жатақханасы және екі қабатты оқу-өндірістік ғимаратының құрылысын жүргізу міндеті тапсырылды. Тапсыру мерзімі 1967 жылдың 7 қарашасы деп белгіленген. Мен аталмыш нысанға құрылыс шебері болып орналастым.
Ол уақтысында аяқталып, пайдалануға берілді. Одан кейін облыстық партия комитеті жанындағы медициналық училищенің ғимаратын бастау және Шумилов көшесіндегі тресттің 32 пәтерлік үйін аяқтау міндеті жүктелді. Осылайша менің алғашқы еңбек жолым қала құрылысын салудан басталды. Қарап отырсам, шаһардағы біраз ғимараттың ел игілігіне айналуына атсалысқан екенмін.
Биыл қалада тұрғаныма 51 жыл толады. Ол кездегі Қызылорда келбеті қазіргідей көркем емес. Жасыратыны жоқ, орталық көшелерден тек санаулы ғана қоғамдық көлік жүретін. Онда да ортасы резеңкелі №1 автобусты көп көретінмін. Желтоқсан мен Жақаев көшелерінің бойында ескі үйлер болды. Олар бұзылып, орнына жаңадан ғимараттар бой көтерді. Жылу жүйелері де бүгінгідей емес, мекемелер, үйлер көмірмен жылитын. Айтпақшы, қала аумағы кішкентай еді. Қазіргі автовокзалдың айналасы шаһардың шет жағы ретінде есептелді. Автовокзал бұрын әуежай еді. Онда да шағын ұшақтар ғана басқа қалаларға қатынайтын.


– Қазіргі келбетіне қандай баға бересіз?
– Бүгінде Қызылорда жыл емес, күн санап өзгеріп келеді. Сыр өңіріне келген адам алдымен қала келбетіне көз тастайтыны белгілі. Иә, кешегі облыс орталығының кешегісін бүгінгімен салыстыра алмаймыз. Түзу көше, әсем гүлдер, өңір тарихынан сыр шертетін белгілі тұлғалардың билбордтары, заманауи аялдамалар, архитектуралық бейнелер – бәрі-бәрі бір-бірімен үйлесім тауып тұр. Сырттан келген мейманға «Бұл – біздің қала» деп мақтана айтуға толық негіз бар.
Барлығы газбен қамтылған. Түнгі келбетінің өзі жарығымен көз тартады. Кіре берістегі қақпалары биік әрі әдемі етіп салынған. Шаһар тұрғыны, құрылысшысы ретінде әрбір қадамына қарап, тамсанамын. Мұндай жетіктікке жету – қажырлы еңбекті қажет етеді. Оң нәтижеге қол жеткізіп келеміз.
Қызылорданың жаңа келбеті қалыптасты. Сырдария өзенінің сол жағасын игеру қарқынды жүріп жатыр. Аймағымыз алып құрылыс алаңына айналып, республика көлемінде көш бастап тұр. Мұнымен қалай мақтанбайсың?!
Өткен жылдың өзінде мектептер, балабақшалар құрылысынан басқа, биік ғимараттар, әсем үйлер, мөлтек аудандар ел игілігіне айналды. Бұдан 50 жыл бұрынғы құрылыс қарқынымен салыстырсаң, қаланың жаңа келбеті адам танымастай болып өзгеруде.

Дайындаған: Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

08 қаңтар 2018 ж. 1 957 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам