АЛДАҒЫ МАҚСАТ ПЕН МІНДЕТТЕР БЕЛГІЛЕНДІ
Бүгін Сырдария аудандық мәдениет үйінде Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді орындау мақсатында кеңейтілген отырыс өтті.
Онда Сырдария ауданы аумағындағы жұмыс жасайтын Үкіметтік емес ұйымдардың, Қоғамдық кеңес пен Ардагерлер кеңесінің, аудандық ассамблея мүшелерінің, жастармен жұмыс жасайтын қоғамдық бірлестіктердің атқарған жұмыстары мен 2018 жылғы жоспары айқындалды.
Кеңейтілген отырысқа аудан әкімі Ғ.Қазантаев, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов үкіметтік емес ұйым төрағалары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Мұнан кейін аудан әкімі Ғанибек Қонысбекұлы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін атап өтті. Жоспарлардың артығымен орындалғанын айтқан аудан басшысы үстіміздегі жылы да жүйелі жұмыстар жүзеге асатынын жеткізді. Кеңейтілген отырыс барысында Шаған ауылдық қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Тәуекелов, Ақжарма ауылдық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қ.Ысқақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, «Сырдария аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиева, «Достығымыз жарасқан» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мясцова Елена, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Е.Жақыпов баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың есебін берді. Баяндамалар тыңдалғаннан кейін аудан әкімі биыл Сырдария ауданының құрылғанына 90 жыл екенін айтып, айтулы датаға орай ауқымды іс-шаралар өткізілетінін мәлімдеді. Сонымен бірге, саналы ғұмырын ауданның дамуына арнаған бірқатар азаматтарға «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы табыс етілді.