АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Сырдария ауданы әкімдігінің қолдауымен «Қарттар – тарих, ел қазынасы» тақырыбында мерекелік шара өтті.
Қазына қарияларға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Өтегенова, Тереңөзек кентінің әкімі Ж.Сыздықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев және тұрғындар қатысты.
Мерекелік шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Өтегенова құттықтау сөз сөйлеп, ардаргерлердің бос уақытын тиімді пайдалану, құрмет көрсету, ардақтау және өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі ету бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде айтып өтті. Сонымен бірге, 80 жасқа толған 14 ардагерге аудан әкімінің атынан Құттықтау хат, естелік сыйлық табыс етті. Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Аудан өнерпаздары әсем ән шырқап, зейнет демалысындағы қарияларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.