Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТИІМДІЛІГІ МОЛ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

ТИІМДІЛІГІ МОЛ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

  Электрмен қамту бойынша аймақта жаңартылатын энергия көздерін пайдалану шаралары жүзеге асырылуда. Бұл тұрғыда Жаңақорған ауданында «СКЗ-U» ЖШС қуаттылығы 12 МВт-тық электр кешені бар. Ауқымды зауыт күкірт қышқылын өндіру барысында шығарылатын бу арқылы электр қуатын өндіреді. Сондай-ақ, Шиелі ауданында да электр тиімділігін арттыру шаралары қарқынды түрде жүруде. Мәселен, ондағы «Сейітжанов» шаруа қожалығында қуаттылығы 4,5 кВт күн сәулесімен жұмыс жасайтын станция іске қосылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов баяндады. Оның айтуынша, алдағы уақытта тағы да осындай екі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ал, қазіргі таңда «Қызылорда қаласы мен Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту» жобасының алғашқы кезеңі бойынша құрылыс-монтаждау шаралары басталған. – Қазір облыстағы 260-қа жуық ауылдық елді мекеннің 194-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Демек, бұл көрсеткіш оның 74 пайызын құрайды деген сөз. Осыдан екі жыл бұрын «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ауыз су жүйелерін жаңғыртуға 5 жобаның құрылысы басталып кетті. Осындай шаралардың нәтижесінде қала мен Жосалы кентінде су жүйелері жаңартылды, 2 дана таза су резервуары салынды. Қалған жобалардың құрылыс-монтаждары жасалуда. Аталған жұмыстар толықтай аяқталғанда қаншама адам таза ауыз суға қол жеткізеді, – деді басқарма басшысының орынбасары.
 
Ал, «Қызылорда су жүйесі» МКК директоры Тілеуберген Қаныбетовтің айтуынша, тұрғын үйлерді модернизациялау енді тек нысандарды жаңалап, сырлаумен ғана шектелмейді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде алдағы уақытта тұрғын үйлерде «ақылды есептегіш» құралы орнатылу арқылы ондағы пайдаланылған су көлемі қашықтықтан есепке алынып отырады. Бұл өз кезегінде сапалы қызмет тиімділігімен қатар адами факторлардың азаюына ықпал етпек.


Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.
22 қаңтар 2018 ж. 1 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам