Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСЫ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСЫ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

 Кәсіподақ ұйымы – әрбір қызметкер үшін олардың құқықтары, заңды мүдделерін ұсынатын және қорғайтын қоғамдық бірлестік. Соңғы жылдары аталған саланың жұмысы жанданып келеді. Оның ішінде білім саласына айрықша тоқталуға негіз бар. Атап айтсақ, Елбасы Жолдауында да білім берудің жаңа сапасы, барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде озық жүйені жеделдету қажеттігі, мұғалімдердің мәртебесінің артуы туралы айтылды. Осыған орай Жолдаудан туындаған міндеттерге қатысты кәсіподақ ұйымдары өз үлестерін қосуда.
Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Райкүл Байназарова мәлімдеді.
– Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау қызметіне жаңа серпін беруде. Оларды қолдау мен қорғау мақсатында және денсаулығын сауықтыруға да ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар, мұғалімдер мәртебесін көтеру үшін облыс әкімінің қолдауымен биыл облыстағы барлық мектептің сынып жетекшілері планшетпен қамтамасыз етіледі. Бұл – Елбасының тапсырмасынан туындаған міндеттер аясында атқарылып жатқан игі шаралардың бір парасы, – деді Р.Байназарова.
Сондай-ақ, Жолдауда адамдарды нәтижелі жұмысқа тартуға мүмкіндіктер беріп, екі қолға бір күрек табуға жағдай жасау қажеттігі айтылды. Осыған орай құрылыс комплексі және тұрғын үй, коммуналдық, шаруашылық қызметкерлері кәсіподақ төрағасы Серік Мырзаханов аталған саладағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
– Бүгінде құрылыс және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу бағытында түрлі шаралар қолға алынуда. Мәселен, біздің өңірде аталған саладағы қарқын жыл өткен сайын артып келеді. Оған бөлініп жатқан қаржы көлемі де қомақты. Қазіргі кезде облыстық құрылысшылар кәсіподағына мүше 40-тан астам кәсіподақ ұйымы бар. Мүшелерінің саны 4,5 мыңға жетті. Біз әрдайым жұмысшы қауымның конституциялық, әлеуметтік, тұрмыстық мүдделерін қорғап жүрміз, – деді С.Мырзаханов.
Сонымен қатар, брифинг барысында мәдениет, ақпарат және спорт қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Үмбетова да өз ой-пікірін білдірді. Бұл ұйымға 4400-ге жуық адам енгізілген. Бүгінде мұнда 72 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылған.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.


23 қаңтар 2018 ж. 2 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам