Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ – БІЛІМДІ БОЛУ БАЙЛАМЫ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ – БІЛІМДІ БОЛУ БАЙЛАМЫ

  Елбасы биылғы өз Жолдауында өркениеттен қалмай, көшбасшы елдер қатарынан көріну үшін болашақта орындалатын негізгі он міндетті ұсынды. Онда төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі бүкіл жаңғырудың негізі – адам капиталы екеніне баса назар аударылып, білім және ғылым саласының сапалық тұрғыдан дамуына ерекше мән беріліп отыр. Мұнда оқытуды жаңа сапаға көтерудің тетігі ретінде аталмыш саланың ұлттық жүйесін қалыптастыруды жеделдету көзделген. Бұл тұрғыда бүгінде еліміз жаңартылған білім беру мазмұнына негізделген 12 жылдық оқытудың бастапқы кезеңінде тұр. Ал, ол – халықаралық стандарттарға сай және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары ретінде маңызы айрықша. Себебі, аталмыш жаңа мазмұнды оқу жүйесі балаларға қажетті функционалдық сауаттылық пен олардың сыни ойлау қабілетін арттыруда ықпалы зор. Мәселен, 2021 жылы 12 жылдық оқу үдерісі толықтай жаңартылған білім беру жүйесіне көшіп, 2019 жылдан бастап жоғары сыныптарда жаратылыстану бағытындағы пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі деп жоспарлануда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры Бақытжан Сайлыбаев осы бағытта атқарылатын жұмыстар барысын саралады. Қазіргі таңда баса назар аударылып отырған үштілділік мәселесі бойынша еліміздегі білім беру саласының алдына екі міндет қойылған. Оның бірі – мектеп оқушыларының ағылшын тіліндегі білім мазмұнын игеруге қажетті тілдік машығын қалыптастыру, екіншісі – сол тілде дәріс беретін пән мұғалімдерін кәсіби тұрғыда даярлау. Осы орайда соңғы екі жылда Назарбаев зияткерлік мектебі үлгісіндегі жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетілген бағдарламамен ағылшын тілінде оқытатын 46 инновациялық мектеп-лицей қалыптастырылған. Сондай-ақ, қазіргі таңда аталмыш педагогикалық колледжде жаһандық тілді меңгерген математика, физика, информатика пәндерінің болашақ мамандарын даярлау жобасы жүзеге асырылуда. – Қай сала болмасын, оны заманауи ақпараттық технологиясыз елестету мүмкін емес. Елбасы оқытудың мазмұндылығына озық техникалық құрал-жабдықтар тұрғысынан қолдау көрсету аса маңызды екенін алға тартты. Сондай-ақ, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, орта мектептер мен колледждер, жоғары оқу орындарында үздік оқытушылардың видеосабақтары мен видеолекцияларын ғаламтор желісіне орналастыру керектігін де баса айтты. Бұл әсіресе, шалғай жатқан елді мекен тұрғындары үшін озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашпақ. Ал, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін көтеру мәселелеріне келсек, олардың өз кәсіби біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруын ынталандыруға жұмыс жасауымыз шарт. Мәселен, өткен жылы олардың жалақысы 29 пайызға өссе, биылдан бастап білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша дәріс берген ұстаздарға 30 пайыздық үстеме жалақы төленеді, – дейді колледж директоры.Сонымен қатар, ұлттық біліктілікті тестілеудің нәтижесінде оқытушылардың жоғары деңгейлерінің расталуына байланысты оларға 30-дан 50 пайыз аралығына дейін еңбекақы төленеді деп күтілуде. Жолдауда білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетіндігі де айтылғандығы белгілі. Ал, бұл өз кезегінде жалпы орта білім беретін жекеменшік оқу ордаларының көптеп ашылуына ықпал етпек.


Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.
22 қаңтар 2018 ж. 1 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 392 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам