Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ


Облыстық шығармашыл ұстаздардың «Тәжірибе алаңы» қорытындыланды.
Облыстық «Тәжірибе алаңы» барысында «Оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары» атты идеялар аукционы, «Алтын көмбе» танымдық ойыны, «Әзілің жарасса...» әзіл-қалжың кеші, «Үздік панорамалық сабақ - 2018» байқауы, «Жаңартылған білім беру: өзгеріс, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, «Брейн-ринг - 2018» танымдық сағаты өткізілді.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Ж.Жубауова мен аға оқытушы Қ.Есекееваның жетекшілігімен жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Саралау дегеніміз не?», «Саралаудың түрлері қандай?» деген жалпыға ортақ сұрақтармен қатар білім мазмұнының тиімділігі мәселелері кеңінен талқыланып, заманауи сындарлы, құзырлы сабақтар өткізілді.
Тәжірибе алаңына қатысушы мұғалімдердің идеяларын ортаға салу, шығармашыл және ұтымды идеяларды қолдау, педагогикалық кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогикалық идеялар арқылы мұғалімдер тәжірибесіне оң ықпал ету мақсатында «Идеялар аукционы» өткізілді. Идеялар аукционына командалар ішінен 21 мұғалім өз идеяларын ұсынды.
Ұйымдастыру алқасының жетекшісі С.Құсейіновтың жетекшілігімен «Алтын көмбе» танымдық ойыны ұйымдастырылды. Ойын соңында сұрақтарға дұрыс жауап беріп, уақыт жылдамдығына қарай бірінші келген Қызылорда қалалық білім бөлімінің командасы мәреге бірінші жетіп, «Алтын көмбеге» қол жеткізді. Сонымен қатар Ш.Бекеновтің жетекшілігімен «Әзілің жарасса...» әзіл-қалжың кеші көрсетілді.
«Үздік панорамалық сабақ - 2018» байқауы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта өткізілді. Байқауға 36 қатысушы қатысты.
Жаңартылған білім берудегі жаһандық оқыту әдістерін тәжірибеге енгізу және мұғалімдердің оқыту үдерісін ұйымдастырудағы кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында «Жаңартылған білім беру: өзгеріс, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Жұмыстың келесі бағытында «Брейн-ринг - 2018» өткізілді. «Брейн-ринг - 2018» таным сағатына әр командадан 4 қатысушы қатысып, командалық сайыс өткізілді. Сайыс барысында әр түрлі саяси, пән бойынша логикалық сұрақтар қойылып, нәтижесінде озық ой ұшқырлығымен озып шыққан командаларға жүлделі орындар берілді.
Тәжірибе алаңы жұмысының қорытындысы салтанатты түрде Облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова мен институт директоры Б.Елеусіновтың марапаттауларымен аяқталды. Ұйымдастырылған түрлі шаралар аясында қатысушыларға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.
06 қаңтар 2018 ж. 3 019 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 424 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам