ТІЛІМ МЕНІҢ – ТІРЛІГІМНІҢ ЖАЛҒАСЫ
Қалалық білім бөлімінің желілік кестесіне сәйкес «Алтын ұя» балабақшасында «Тілім менің – тірлігімнің жалғасы» атты ұйымдастырылған ашық оқу қызметінде ересек топ бүлдіршіндері «Үйшік» ертегісін ағылшын тілінде сахналады.
Оқу қызметі барысында қажетті билингвальды компоненттер қолданылды. Қатысушыларға қызықты тапсырмалар орындату арқылы 5-6 жастағы балалардың қаза, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге деген қызығушылықтарын тудырып, олардың оқу қызметіне белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды.
Мектеп жасына дейінгі кезең – тілдерді үйренуге ең қолайлы кезең. Өйткені бала зейін қоюға, логикалық ойлауға қабілетті. Міне, осының барлығы есепке алына отырып, үш тілде оқытуды мектепке дейінгі ерте жастан бастау қажеттілігі туындайды.