КӘСІПКЕР ЖАНАШЫРЛЫҚ КӨРСЕТТІ

Аталмыш шара аясында №112 орта мектеп әкімшілігі ұсынымен ауа райының қатты суытуына байланысты оралман Рахмановтар отбасына көмек көрсетілді. Оған «СМП-Қызылорда» ЖШС басшысы, облыстық мәслихат депутаты Темірхан Әлімқұлов демеушілік жасады. Жанашыр азамат тұрмысы төмен отбасына көмір түсіріп, оларды қуанышқа бөледі.