ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы Ұлы отан соғысына қатысқан ардагерлер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасына қамқорлық көрсету жұмыстарын жалғастыруда.
Атап айтқанда, жаңа жыл мерекесі қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы мен ардагерлер кеңесінің төрағасы бастаған бір топ қызметкерлер Облыстық ішкі істер органдарынан зейнетке шыққан 20 ардагерлерге арнайы сәлем беріп, жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Сонымен қатар әлеуметтік жағынан аз қамтылған екі қала тұрғындарына қаржылай көмек көрсетілді.
Үстіміздегі жылдың есепті мерзімі ішінде ауған соғысы ардагерлері мен қайтыс болғандардың жанұясына материалдық көмек көрсетіліп, ҚР ІІМ-нің «Құрметті ардагері» белгісімен 10 зейнеткер марапатталды.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі.