Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАН ТЕБІРЕНТКЕН «ЖЫЛЫ ЖҮРЕК»

ЖАН ТЕБІРЕНТКЕН «ЖЫЛЫ ЖҮРЕК»

  Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Жылы жүрек» еріктілер тобы қайырымдылық акциясын жасады. Аталмыш шара 2 күн жалғасты. Олар алғашқы күні сал ауруымен ауыратын балаларға арнайы барды. Аяз ата, Қаршақыз және ертегі кейіпкерлері болып киінген жастар өрендерге сыйлық тарту етті.
Ал, келесі күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің шығармашылық тобымен бірлесе отырып, «Сиқырлы керуен» атты қайырымдылық мерекелік шара ұйымдастырды. Оған 100-ге жуық мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасының балалары келді.
Осындай ерікті жастың бірі – Сағатбек Қуанышбайұлының айтуынша, акция алғашқы рет қолға алынды. Алдағы уақытта бұл шара жалғаса береді.
Мұндай игі іске ата-ана ретінде Салтанат Таңжарыққызы алғысын білдірді.
– Ерекше балаларды ескеріп, қуаныш сыйлаған барша ерікті жастарға рақметімді жеткізгім келеді. Бізге кішкентайымыздың күліп-ойнап өскенінен артық ешнәрсе жоқ, – деді. Ол «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей акцияға 40 жанашыр жан көмек қолын созды.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
04 қаңтар 2018 ж. 1 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 210 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам