ҚАБЫҒЫМЕН ЖЕУГЕ БОЛАТЫН БАНАН ӨСІРІЛДІ
Жапонияның D&T Farm фирмасы қабығымен бірге жеуге болатын ерекше банан өсіре бастады. Бұл бананның шығуына тенисші Сецузо Танакидің Australian Open турнирінде банан қабығын аша алмағаны себеп болды.
Бұл туралы NY Post хабарлады.
Қазіргі уақытта толыққанды бизнеске, табыс көзіне айналды. Кәдімгі біз тұтынып жүрген бананнан дәмдірек, ал қабығы салат жапырағына ұқсайды.
Бананның жаңа сортына «Монгей» («Таңқаларлық») деген атау берілді. Өзгеше тұқымды минус 60 градуста отырғызады, содан соң жібітіп, басқа топыраққа егеді. Осыдан кейін 26,5 градус температурада кәдімгі банан секілді өседі.
Мұндай түрлі температура мен топырақты ауыстырудан банан шапшаң өседі әрі қабығы барынша жұқарады. Оның жеп көргендер қабығының сезілмейтінін айтты.
Қазіргі уақытта мұндай ерекше жеміс Окаяма қаласындағы бір ғана дүкенде сатылады. Бір талы – 6 доллар. Алдағы уақытта D&T Farm өкілдері өндірісті ұлғайтып, шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.
Желтоқсанда SoraNews24 порталының журналистері “Монгей” бананының дәмін таатып көрді. Олардың айтуынша, жемістің тропикалық дәмі бар және ананасқа ұқсайды.
Өндіруші бананың жаңа сортын АҚШ-қа дейін экспорттағысы келетінін айтты.
http://stan.kz/