Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАРҒЫЛ ТАРИХ ТАРТУЫ

ТАРҒЫЛ ТАРИХ ТАРТУЫ

 Облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы – Ақмешіт музейінде «Рухы биік халықтың тарихы мәңгі» атты фотокөрме өтті. Тағылымы мол шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай ұйымдастырылды. Көрмеге архивтік құжаттар, кітаптар мен кәдесыйлар, сол жылдарда қолданылған экспонаттар, тұрғындар мен фотографтардың жеке қорындағы суреттер көпшілік назарына ұсынылды. Қос ғасырлық тарихы бар кешегі Ақмешіт бүгінде қазақ халқының қаймағы бұзылмаған қасиетті мекеніне айналып отыр. Сан мың тарау жолдан өтіп, өнегелі өткен күннен тағылымды тәбәріктей болған музей жәдігерлері өскелең ұрпақ санасына тарғыл тарих беттерінен шежіре сырын ақтарып тұрғандай. Мұндағы әрбір дүние қадым заманнан қалған ізді айшықтай түссе, көмескі тартқан әрбір фотосуреттер жылдар жылнамасына шегініс жасап, сол кездегі саяси-әлеуметтік ахуалды көзбен көргендей әсерге бөлейді.

Сызыла аққан дария жағасындағы Сырдың бас шаһарының кешегі мен бүгінгі болмысын ұрпақтар санасында жаңғырту, бабалар мұрасын насихаттау мақсатын көздеген шараның шымылдығын белгілі жырау Қуаныш Алғазиев арнаумен ашты. Сонымен қатар, тарихшы Димаш Абатұлы «Ақмешіт-Перовск-Қызылорда» тарихын саралап, аталмыш тақырып әлі де терең зерттелуді қажет ететіндігіне тоқталды. Көрмеге жиналғандар құнды жәдігерлер шежіресіне қанығып, олар арқылы қаланың тарихта қалған айшықты тұстарын тамашалады. – Шара қала мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылғандықтан, көрмеде Ақмешіт тарихына ерекше басымдық берілді. Осыдан бірнеше жыл бұрын түсірілген шаһар суреттерін де көпшілік назарына ұсындық. Оны ажары артқан қазіргі Қызылордамен салыстырсақ, дамудың даңғыл жолына түскен қаладан орасан өзгеріс пен ерекше серпілісті аңғарасың. Жастар аталмыш дүниені көріп, таңданыстарын білдіріп жатыр. Осы тұрғыда музейдің халыққа мәдени-рухани қызметі айрықша екеніне көзіміз жетеді, – дейді филиал меңгерушісі Кенжекүл Ахметова.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
Суретті түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.


30 қаңтар 2018 ж. 2 392 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам