ҚОЙМАЛАРҒА КӨМІР ТҮСІРІЛУДЕ
Мұстафа Шоқай көшесі бойында орналасқан "РУСКОМ" ЖК қарасты көмір қоймасына 210 тонна көмір түсіріліп, таратылуда. Бұл жөнінде қалалық ішкі саясат бөлімі хабарлайды.
Алдағы 1-2 күндікте тағы да 5 вагон көмір келуі күтілуде. Көмір тасымалдаушы мекемелерге тапсырыстардың жедел жеткізілуі бойынша қатаң талап қойылды.
Көмір алушыларға тек 3 тоннадан ғана көмір босату ұсынылды. Көмір түсірілген қоймалар бойынша ақпараттар салынып отырылады.