Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 

  Үстіміздегі жылдың 9 айында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне 389 рет өрт оқиғасы туралы хабарлама түскен.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері 2017-2018 жылдардың жылу беру кезеңінде өрттерде адамдардың өлімі мен жарақаттануын болдырмау мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында Қызылорда қаласы бойынша тұрғын секторларға, Қызылорда қаласына қарасты шет аймақ тұрғындарына, Тасбөгет, Абай, Қарауылтөбе және Талсуат елді мекені көшелеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
2 қазанда сағат 8 сағат 35 минутта жедел жәрдем қызметінен Махамбет ауылының Амангелді көшесінің 29/2 үйдің тұрғындары көмір-қышқыл газынан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Үй иесінің айтуы бойынша кеше кешкісін пешке от жағылған. Нәтижесінде отағасы екі баламен қалалық ауруханаға жетіп, дәрігерлердің қабылдауында болды. Дәрігерлердің айтуынша 2014 жылы және 2012 жылы туған балалардың жағдайлары тұрақты. Сондықтан үйіне қайтарылды. Ал анасы қалалық ауруханада емделуде.
4 қазанда 08 сағат 40 минутта Қызылорда қаласы, Иіркөл жеке тұрғын үйдің пешінің ақауынан көмір қышқыл газына уланған 2017 жылы туылған сәби облыстық балалар ауруханасының педиатрия бөліміне жатқызылды.
05 қазан 2017 ж. 2 054 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам