ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
2017 жылдың 9 айында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіне 389 рет өрт оқиғасы туралы хабарлама түскен. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері 2017-2018 жылдардың жылу беру кезеңінде өрттерде адамдардың өлімі мен жарақаттануын болдырмау мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында Қызылорда қаласы бойынша тұрғын секторларға, Қызылорда қаласына қарасты шет аймақ тұрғындарына, Тасбөгет, Абай, Қарауылтөбе және Талсуат елді мекені көшелеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
2 қазанда сағат 08 сағат 35 минутта жедел жәрдем қызметінен Махамбет ауылының Амангелді көшесінің 29/2 үйдің тұрғындары көмір-қышқыл газынан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Үй иесінің айтуы бойынша кеше кешкісін пешке от жағылған. Нәтижесінде отағасы екі баламен қалалық ауруханаға жетіп, дәрігерлердің қабылдауында болды. Дәрігерлердің айтуынша 2014 жылы және 2012 жылы туған балалардың жағдайлары тұрақты. Сондықтан үйіне қайтарылды. Ал анасы қалалық ауруханада емделуде.
4 қазанда 08 сағат 40 минутта Қызылорда қаласы, Иіркөл жеке тұрғын үйдің пешінің ақауынан көмір қышқыл газына уланған 2017 жылы туылған сәби облыстық балалар ауруханасының педиатрия бөліміне жатқызылды.