ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖƏРДЕМ БРИГАДАЛАРЫ ЖАРЫСҚА ТҮСТІ
Облыстық жедел жəрдем бригадаларының кəсіптік жарысы басталды. Оған қала және ауданның 14 жедел жəрдем бригадасы қатысуда.
Олар кардиологиялық, жарақаттану кезі, акушерлік қан кету, тыныс жетіспеушілігі кезіндегі жедел медициналық көмек көрсетуден сайысуда. Бригадалар шақыру түскен сəттен бастап, оқиға орнына жету, жарақтандырылуы, жедел көмек, тактика, науқасты жеткізу уақыттары саналуда. Бригадалар кəсіби шеберліктерін шыңдай отырып, тəжірибе алмасады.