ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖЕР-2017» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Үстіміздегі жылғы 12-13 қазанда Қызылордада «Жер-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығудың тақырыбы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға басқару органдарын және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін дайында» болды.
Оқу-жаттығуға аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің аппараты, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар, азаматтық қорғау қызметтері; "Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесі, "Апаттар медицинасы орталығы" ММ облыстық филиалы, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық Компаниясы" АҚ-ның Қызылорда жол бөлімшесі филиалы, "Қазгидромет" мекемесінің облыстық филиалы; Қызылорда облысының Жұмылдыру дайындығы басқармасы, "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, "Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы", "Қазсушар" кәсіпорнының Қызылорда филиалы және облыстық басқа да авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғаныс құрылымдары қатысты.
Жергілікті атқарушы органның жедел тобы Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу бөлімшелерінің аудандарға шығу маршруттарын, басқару пункттерінің қанат жаю орындарын, халықты жинау пункттерін, баспанасыз қалғандарды, санитарлық және қайтарылмайтын шығындарды, жинау эвакуациялық пункттерді, зардап шеккендерді аудандарға орналастыру және эвакуация маршруттарын, сонымен бірге авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды нақтылады. Қызылорда темір жол стансасының жүк тиеу алаңында төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатыстырылатын авариялық-құтқару құрамаларының саптық қарауы өткізіліп, техникаларды теміржол көлігіне тиеуі пысықталды. Қызылорда облысыннан төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатыстырылатын авариялық-құтқару құрамаларының саптық қарауы Астана даңғылында өткізілді. Осы екі кезең бойынша 12 қазанда өткізілген оқу-жаттығуға барлығы 308 адам, 70 техника, 25 құрылым қатысып, дайындықтарын көрсетті.