ЗАҒИПТАР ҚОҒАМЫНА 80 ЖЫЛ

Келесі кезекте «Қазақ соқырлар қоғамы» бастауыш ұйымының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Бидайкүл Байманова, аудандық бастауыш ұйымы төрайымы міндетін атқарушы Күнсұлу Тоқпанова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Зере Метеровалар құттықтау сөз сөйледі. Жиын соңында Бастауыш ұйымы корпоративтік қорының президенті Асқар Қолдабеков мерекелік жиынның өтуіне атсалысқан және демеушілік көрсеткен барша жандарға алғысын айтып, қоғам өміріне елеулі үлес қосып жүрген ұйым мүшелеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.