ЛИЦЕЙ ОҚУШЫЛАРЫ ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ

Лицей-интернат «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізді. Латын әліпбиіне қатысты мәселеге де үн қосып, пікірлерін білдірді. Лицей оқушылары «Қазақстандағы жүз жаңа есім» жобасына ұсынылған үміткерлермен кездесуге қатысты. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
Қазіргі таңда «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру мақсатындағы жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, күзгі , көктемгі демалыс уақыттарында оқушыларды Қожа Ахмет Ясауи мавзолейіне, Тараздың ежелгі ескерткіштеріне саяхат жасату жоспарланған болатын.
Жоспарға сәйкес 10-сынып оқушылары жетекшісі С.Атибековамен бірге қасиетті Түркістан қаласына саяхат жасап, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін тамашалады.