"ӘЛІПБИ ҮЙРЕНУ БІЗГЕ ҚИЫНДЫҚ КЕЛТІРМЕЙДІ"

"Біз латын графикасына көшуге дайындықты бастап та кеттік және қолдайтынымызды білдірдік. Қолдайтын тағы бір себебіміз: бұл әліпби бізге түк қиындық келтірмейді. Себебі оқушыларымыз жаратылыстану бағытындағы барлық пәндерді ағылшын тілінде оқитындықтан, бұл графикаға әбден төселіп алған. Ал төл әріптерімізге байланысты жаңа таңбаларды игеріп кету қиын болмайды", - деді ол.
Сонымен қатар, қазір дауласатын емес, ойласатын кезең екенін, қайта төл әліпбиіміздің тарихи кезеңінде тұрғанын мақтан ету қажеттігін жеткізді.