КОМЕДИЯ КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Спектакльге қысқаша тоқтала өтсек... Ауылдағы мәдениет үйінің жетістікке жетуіне үлкен мүмкіндік туып тұр. Ол үшін ән айтатын топ құрамы түгел болса болды. Ең басты талап – топ мүшелерінің барлығы қыздардан тұруы керек. Ал, Алтынбек сол топтың бас әншісі. Енді қайтпек? Тығырықтан шығудың жолын іздеп, ақыры Алтынбек қыздың ролін керемет сомдап шығып, нәтижесінде шет елге жолдама алады. Спектакль аяқталғандағы зор қошемет артистердің рухын екі еселей түскендей әсер етті.