Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АҚТӨБЕДЕ БІР АУЫЛ ҰЙҚЫСЫЗ ҮРЕЙДЕ: БЕЛГІСІЗ БІРЕУ ҮЙЛЕРДІ ШЕТІНЕН ӨРТЕП ЖҮР

АҚТӨБЕДЕ БІР АУЫЛ ҰЙҚЫСЫЗ ҮРЕЙДЕ: БЕЛГІСІЗ БІРЕУ ҮЙЛЕРДІ ШЕТІНЕН ӨРТЕП ЖҮР

Тосыннан келген жағдайдан әбігерге түскен ауыл халқы адам жазым бола ма деп қорқып отыр. Ең сорақысы қылмыскер «Ендігі кезек сенде» деген үшбу хат қалдырады екен.
"Жақында "Руслан, сегодня тебе повезло. Ты - следующий" және "У всех у кого во дворе сено, приготовьте по 50 тыс тенге, номер карты сообщим!" деген хат алдық. Онымен қазір полиция жұмыс жасап жатыр", - дейді Қосестек ауылының тұрғыны Нәзия Жұмабаева.
"Ауылда күнде өрт. Қораларды белгісіз адам өртеп жатыр. Өрт күндіз-түні болады. Қорқып ұйықтай алмай отырмыз. Адамдардың өздері қора-қопсысын ұйқысыз күзетіп жүр. Кімнен көрерімізді білмейміз.
Бір күні бір үй, екінші күні екі үй өртенеді. Өрт шеттегі үйлерден басталды. Рет ретімен үйлер жанып жатыр. Осылай ауылдан оншақты үй зардап шегіп отыр.
Өрт күндіз-түні болып жатыр. Қаншама ақшаға алған жем шөптері өртеніп кеткен үйлер жылап жүр.
Қазір сатып алатын шөп те жоқ. Бізге көмек керек. Бұлай жалғаса берсе, бір ауыл өртеніп кетуі мүмкін. «Ендігі кезек сен» деген хабарлама алған үйдің жағдайын ойлай беріңіз. Өмір сүрудің өзі мүмкін емес болып кетті", - дейді ауыл тұрғыны."Қазіргі уақытта осыған қатысты облыстық ІІД және аудандық полиция бөлімшесіне арыз түскен. Қылмыстық іс қозғалып тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Қазір ауылға күшейтілген түрде күндіз-түні күзет қойылды. Жеті отбасы шөп қорасының өртенгенін айтып шағым түсірген.
Қазіргі уақытта жұмыс тобы құрылды. Жұмыспен қамту мекемесі тұрғындардың шығынын есептеп жатыр", - деп хабарлады Қарғалу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ержан Есенбаев.

kaz.nur.kz

21 қараша 2018 ж. 1 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам