АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖАҚСАРДЫ
Қармақшы ауданында елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты 2017 жылға барлығы 6 жобаны іске асыруға 349,4 млн теңге қаралған.
Атап айтқанда, республикалық бюджеттен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына 102,2 млн. теңге бөлінді. Нысан бойынша құрылыс жұмыстары басталып, 101 тұрғын үйге ауыз су желісі тартылды.
Иіркөл елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына 34,6 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан қабылдау актісімен қабылданды. «Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» (4 кезек) нысаны бойынша барлығы 1364 үйге ауыз су құбыры кіргізілді. Қазіргі таңда жобада қарастырылмаған үйлерге ауыз су желісі жүргізілуде. Сондай ақ, «Жосалы кентіндегі су жүйесін және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғырту» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанды қабылдауға жұмыстар жүргізілуде.